АҚШ ғарыш агенттігі – NASA бір аптада шығындарын 420 миллион долларға қысқартты , деп хабарлайды 24kz.
Компания мұндай нәтижеге қажетсіз келісімшарттарды бұзу мен пайдаланылмаған картаның 80%-ін жою арқылы қол жеткізген. Бұл туралы Илон Маск басқаратын Мемлекеттік тиімділік департаменті хабарлады. Құрылым өткен айда АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасында алаяқтық пен ысырапшылдық бойынша тергеуді бастады. Бұл президент Дональд Трамптың Жарлығымен құрылған мемлекеттік шығындарды азайту мен федералды үкіметтің тиімділігін арттыруға арналған бағдарлама аясында қолға алынды.