What are you looking for?

18 күн ғана уақыт бар: Қазақстанда тіркелген мопедтер саны 8,5 мыңнан асты

19.03.2025

5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады.

Ішкі істер министрлігі қазіргі дейін республика бойынша 8527 мопед тіркелгенін хабарлады.

Мопед иелері көлігін 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеруі тиіс. Бұл мерзімнен кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.

"Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет. Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін "жағымсыз салдардан" аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал", – деп еске салды ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мопедті тіркеу үшін қажет құжаттар тізімімен осы жерден танысуға болады.


Оқи отырыңыз: Мопедтерді тіркеу: Транспорт иесі қандай құжаттарды өткізуге тиіс


Social Link

Follow Me On Social Media