What are you looking for?

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел Әзербайжанға қашып кеткен

20.03.2025

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық Әзербайжаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады.

Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды, — делінген мәліметте.

Биылғы қаңтарда ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Social Link

Follow Me On Social Media