What are you looking for?

«Ұят емес пе?!»: Елордалық қария наурыз көженің сатылып жатқанына ашуланды (ВИДЕО)

23.03.2025

Астанада мереке кезінде ақсақал Наурыз көженің тегін таратылмай, сатылып жатқанына ашуланып, ұрысып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Әлеуметтік желіде Наурыз көжені сатып жүргендерге ашуланған қарттың видеосы тарады.

“Ұят емес пе?! Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе? Кім мынаны саудаға айналдыр деп айтты? Бұл наурыз емес пе”, – деді ашынған қария.

Ақсақалдың бұл сөзін қолдағандардың қарасы көп.

“Келісемін, не салт-дәстүр бойынша дайындап елге тарат, болмаса мүлдем жасамай-ақ қой”, “Қарияларға тегін таратса да болар еді”, “Қарағандыдағы супермаркетте кофе, шай, бауырсақ, жеміс-жидек пен кәмпиттерді тегін таратты”, “Ақсақалдікі жөн, надан болып кеттік”, “Дәстүрді кәсіпке айналдырып алған”, “Бірақ тегін таратса халық жабайыланып кетеді”, – деп жазды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Важные народные новости (@novosti.karagandy.kz)

Social Link

Follow Me On Social Media