What are you looking for?

Ыстамбұл мэрі қызметінен уақытша шеттетілді

24.03.2025

Қамауға алынған Экрем Имамоғлұ Ыстамбұл мэрі қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды 24kz.

Енді алдағы күндері муниципалдық кеңес қала басшысының міндетін атқарушыны тағайындау керек. Бұдан бөлек, шаһардағы екі аудан басшысы да қызметінен босатылған. Экрем Имамоғлұ 19 наурызда қамауға алынды. Ол жемқорлыққа барды және лаңкестік топқа қолдау көрсетті деп айыпталып отыр. Бірақ саясаткер мұның бәрін жоққа шығарды. Соңғы жағдайға қарамастан «Республикалық халық партиясы» 2028 жылы өтетін президент сайлауына үміткерді таңдау бойынша дауыс беру өткізіп жатыр. Тізімде Экрем Имамоғлұ жалғыз кандидат ретінде көрсетілген. Қазір Түркияда қамауға алынған оппозициялық саясаткерді қолдау мақсатында ереуілдер басылар емес. Бірақ билік Ыстамбұлда 27 наурызға дейін наразылық акцияларын ұйымдастыруға тыйым салған. Қалада 60-қа жуық адам қамауға алынды. Олар әлеуметтік желіде тұрғындарды ереуілге шығуға шақырып, арандатушылық әрекетке барды деп айыпталуда.

Social Link

Follow Me On Social Media