What are you looking for?

ҰБТ-ның соңғы кезеңі басталды

11.08.2025

Биылғы оқу жылы алдындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы кезеңі басталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тамыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды. Олар.

қазақ тілінде — 65%;

орыс тілінде — 35%;

ағылшын тілінде — 89 адам.

«Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар, шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатысады», — дейді министрлік мамандары.

Ал колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Айта кетері, тамыздағы ҰБТ нәтижесі бойынша грант берілмейді, қажетті ұпай санын алып, ақылы бөлімге ғана түсуге мүмкіндік жасалады.

Social Link

Follow Me On Social Media