Талапкерлер бұрынғыша үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.
Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Оның мәндері төмендегідей:
- Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
- 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
- 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Еске салайық, ғылым және жоғары білім министрі алдағы уақытта ҰБТ күрделі өзгерістерге ұшырайтынын мәлімдеген болатын. Бірақ, бұл өзгерістер 2026 жылдан бастау алмайды. Сондықтан талапкерлер бұрынғыша 5 пәндік (3 міндетті + 2 бейіндік) формат бойынша тест тапсырады.
ҰБТ туралы Информбюроның түсіндірме материалын осы жерден оқи аласыздар.
Оқи отырыңыз:
1 миллион теңге: Павлодарда мұғалім ҰБТ тапсыруға көмектесемін деп жұртты алдаған
ҰБТ-дан кейінгі күйзеліс: Төмен балл алған балаларға қалай психологиялық қолдау көрсеткен дұрыс