Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстықтың әсері мен күн өтуі бірдей емес екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ыстық өтсе, мұның арты ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
Оның белгілері қандай?
- әлсіздік, жағдай күрт нашарлауы;
- бас айналу, көз қарауыту;
- жүрек айну және құсу;
- дене температурасы көтерілуі (көбіне 39°C-тан жоғары);
- шатасу, естен тану;
- бұлшықет құрысуы;
- тырысу, кома.
Егер зардап шеккен адамға уақтылы көмек көрсетілмесе, ішкі ағзалар зақымдануы, орталық жүйке жүйесінде өзгерістер болуы және арты өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Ыстықтан қалай қорғануға болады?
- 11.00-ден 17.00-ге дейін сыртқа шықпауға тырысыңыз, бұл — ең ыстық уақыт.
- Ашық түсті, табиғи маталардан жасалған киім киіңіз.
- Үйден тек бас киіммен шығу керек.
- Су ішу режимін сақтау маңызды: көп, ретсіз су ішу шөл қандырмайды, сонымен қатар, жүрекке салмақ түсіреді, ішімдіктен, қантты және газдалған сусындардан аулақ болыңыз.
- Үйде жүргенде желдеткіш, кондиционер қолдана аласыз, салқын душ қабылдай аласыз. Ылғал сүлгімен сүрту, мойынға, білекке және маңдайға компрес жасау да көмектеседі.
- Жазда ауыр, майлы және ащы тағамдардан бас тартқан дұрыс. Көкөністерге, жемістерге, салқын сорпаларға және ашытылған сүт өнімдеріне артықшылық беріңіз.
- Балалар мен қарттарға қамқорлық жасаңыз. Балалар мен қарттарды жабық көліктерде немесе ыстық жерде қалдырмаңыз. Оларға жиі су беріңіз және олардың жағдайын бақылаңыз. Ересектер, балалар бас киім кигеніне көз жеткізіңіз. Ыстықта балаларды серуендеуге шығармаған жөн.
- Жаттығуларды таңертең немесе кешке жоспарлаңыз. Жаттығуды күннің салқын уақытына ауыстырған дұрыс немесе олардың ұзақтығын қысқартқан жөн.
- Косметика мен кремнің көп мөлшерін қолдануға болмайды, өйткені олар терінің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!